Қазақстанда 21 шілде күні телеарна мен радиолар жұмыс істемейді
Бұл уақытта техникалық құралдар жаңартылатын болады.21 шілде күні таңғы сағат 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін спутник, цифрлық және осыған ұқсас эфир желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт аралығында Қазақстан бойынша барлық телерадиоарна көрсетілімдері тоқтайды.
"Қазтелерадио" АҚ мұндай жоспарлы алдын алу жұмыстарын тоқсан сайын жүргізеді. Компания мұндай шаралардың телерадио хабарлар тарату сапасын жоғары деңгейде ұстау үшін қажет екенін айтады.
Сондай-ақ, істен шыққан техникалық құралдар жаңартылатын болады.