Қазақстан құрамасы аударыспақтан бес алтын алды
Бүгін этноауылда аударыспақтан жарыс аяқталды.Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама спортшылары алты салмақ бойынша бес алтын, бір күміске ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Аударыспақтан алтын жүлдегерлер:
- Ермек Құралбай (60 келі),
- Алмат Ләтіпбек (70 келі),
- Дарын Өткелбай (80 келі),
- Сырым Ізбасаров (100 келі),
- Біржан Қосалиев (+100 келі).
Ал 90 келі салмақ дәрежесінде Есімхан Рахматіллә күміс жүлдеге ие болды.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2 430 спортшы мен жаттықтырушы келді. Сонымен қатар Қазақстанға 100 мың турист келеді деп жоспарланып отыр.
Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.