"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы 3 күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн салқындайды. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысының кей бөлігінде қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аймақтарында жауын-шашын болып, кей жерлерде жаңбыр және бұрқасын болады.

"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнде 2-10 градус жылы болса, күндіз 10-20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Жаңа Айда жарылқа": Қазақ халқы Айдың қандай құпияларын білген?