Отбасы банк 26 шілдеге дейін "Шаңырақ" бағыты бойынша өтінімдер қабылдайды. Қатысушыларға 4 талап қойылады
Әрленген үйдің бір шаршы метрінің бағасы – 220 мың теңге.Отбасы банк 2021 жылдың 12 шілдесінен бастап "Нұрлы жер" бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша өтінімдер қабылдауды бастады.
Өтінім қабылданып жатқан үш нысанда 1 200 орынға есептелген мектеп пен балабақша, көлікке арналған тұрақ бар:
- Алматы ауданы, Нұр-Сұлтан, A129, A105, A130, A108, A102 (жоба атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан. Квартал – 2 (Дақтар – 1, 2, 4, 5, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21);
- Алматы ауданы, Нұр-Сұлтан, A129, A105, A130, A108, A102 (жоба атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан. Квартал – 1 (Дақтар – 12, 13, 14, 15, 16, 22);
- Алматы ауданы, Нұр-Сұлтан, A129, A105, A130, A108, A102 (жоба атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан. Квартал – 2 (Дақтар – 11, 23, 24, 25, 27).
Барлығы – 1 884 пәтер. Таза, әрленген үйдің бір шаршы метрінің бағасы – 220 мың теңге.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 12 шілдесінен бастап 26 шілдеге дейін жалғасады. Жалпы үш нысан Астана – Қарағанды жолында орналасқан. Жанында METRO Cash & Carry сауда орталығы бар. Сондай-ақ, пәтерлер мен қабаттардың жоспары туралы толық ақпаратты баспана.кз сайтынан алуға болады. Бағдарламаға өтінішті де осы сайт арқылы береді.
“Нұрлы жер” бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- ЖАО-да кезекте тұрғандар;
- Отбасы банкінің салымшысы болу;
- отбасының 1 мүшесінің табысы 3,7 ПМ (126 917 теңге) аспауы тиіс;
- банктегі төлем қабілеттілігін растау.
Құрылыс 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.