12 мамырда Алматыда Bereke Bank филиалының Түрксіб ауданы, Майлин, 79 мекенжайында орналасқан құрылымдық бөлімшесі (ФҚБ) жөндеу жұмыстарынан кейін ресми түрде қайта ашылды. 

"Меркур" ФҚБ – банктің 2000 жылы ашылған ең алғашқы бөлімшесі, қажетті қызметтердің барлық түрлерін ұсына отырып, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетті. 2022 жылы орын алған қаңтар оқиғасы кезінде өрт салдарынан толығымен қирады, бөлімшені қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында оның қызметі тоқтатылған болатын. Бөлімше қызметіне тұрақты түрде 42 мыңнан астам корпоративтік және бөлшек клиенттер жүгінді, бұл Түрксіб ауданы халқының шамамен 20%-ы. Бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жаңа бөлімше келушілеріне ең үздік сервисті ұсынуға дайын. Ол жерде депозит ашу, кредит беру, төлем карточкаларын шығару, ақша аударымдарын жүргізу, айырбастау және кассалық операциялар қызметі көрсетіледі.

Ресми ашылу салтанатында филиал директоры Қайрат Едиров аталған бөлімшенің қызметі Түрксіб ауданын ғана емес, қаланы, тіпті, жалпы елді дамытуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Филиалдың бұл құрылымдық бөлімшесінің 2021 жылғы таза операциялық кірісі 2,5 млрд теңгеден асты. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Қазіргі таңда банктің жұмысын қалпына келтіру кезеңінде бөлімшенің алға қойған басты мақсаты – бұрынғыдан да үздік нәтижеге қол жеткізу.

Bereke Bank-тің Басқарма Төрағасының орынбасары Алина Аникина өзінің құттықтау сөзінде аталған бөлімшенің ашылуы банк үшін үлкен серпіліс екенін атап өтті. Бұл банктің барлық кедергілерді еңсеріп, әдеттегі жұмыс режимін орната отырып, қалпына келе бастағанының белгісі: "Демек, бағытымыз дұрыс, бір орында тұрмаймыз әрі дамуды жалғастырамыз".

Сондай-ақ қонақтарды банктің басқарушы директоры Мақсат Нұриденұлы мен Түрксіб ауданы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Әміров құттықтап, банк пен оның клиенттеріне толағай табыс тіледі.