Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Жолдау республикалық арналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады", – делінген хабарламада.
Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақ-қырғыз серіктестігі бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін