ҚР білім және ғылым баспасөз қызметі магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады. 

Loading...

Еске салсақ, магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 10 желтоқсанда басталып, 14 желтоқсанға дейін жалғасты. Өтінімдер жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданды.

Сондай-ақ, бұған дейін білім және ғылым министрлігі енді үміткерлер жылына екі рет магистратура мен докторантураға құжаттар тапсыра алады деген шешім қабылдаған болатын.