"Күйеулері әйелін хиджаб кимегендіктен өлтіреді". Әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз түсті
Ол әнші гендерлік алауыздықты қоздырды деп есептейді.Қостанай тұрғыны Саида Сисембаева ІІМ-ге әнші Ұланғасыр Қамдің атына арыз жазып, оны алауыздық тудырды деп айыптады.
Оның айтуынша, "дәстүрлі" депутаттар бұл іс бойынша бастама көтермегендіктен, ол бұл міндетті өз мойнына алған.
Саида Сисембаева өз мәлімдемесінде ол ҚР ҚК-нің 174-бабына сәйкес Ұланғасыр Қамидің әлеуметтік және гендерлік алауыздықты қоздыру, сонымен қатар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін ақтау туралы мәлімдемелерін тексеруді сұрады.
"Өтініш тіркелді, енді оның үстінен қылмыстық іс қозғала ма, әлде стандартты түрде одан бойкот жариялана ма көреміз", – деп жазды ол.
Оның айтуынша, Ұланғасыр Қамидің видеосында Конституцияға қайшы келетін мәлімдемелер бар.
Айта кетейік, осыған дейін Ұланғасыр Қами күйеулері әйелдерін хиджаб кимегендіктен өлтіретінін айтып, желіні шулатқан болатын.