Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов еліміздің Елтаңбасы өзгертілсе, ескі теңге банкноттары айналыстан алынбайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол жаңа банкноттардың дизайнын жасау және қолдану үшін қосымша шығындар талап етілмейтінін атап өтті.

«Айналыстағы банкноттарда ешқандай өзгеріс болмайды, олар толығымен тозғанша айналыста болады. Біз басып шығаратын банкноттар мен монеталар Елтаңба туралы шешім қабылданғаннан кейін шығатын болса, онда басқа дизайнда болатыны анық. Өзгерістерге келетін болсақ, бізде Ұлттық банктің Қазақстан теңге сарайы бар, қазақстандық банкнот фабрикасы бар. Ондағы жабдық өте жақсы. Техникалық тұрғыдан бұл жабдықты қайта конфигурациялау қиын емес. Қосымша шығындар болмайды», – деді Ұлттық банк басшысы.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның Елтаңбасы жаңарады. Ол үшін ашық байқау жарияланады