"Кезби" компаниясы жұмысшыларының 12 талабы орындалды
Ереуілшілер 30 маусымнан бастап наразылық білдіріп, жалақыларын көтеруді талап еткен болатын.Жаңаөзенде күннің аптап ыстығында үйлеріне түнеместен алты күн бойы ереуілдеткен "Кезби" компаниясы жұмысшыларының 12 талабы орындалды. Мұнайшылар мәселені қараған комиссия шешіміне көңілдері толатынын айтты, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ереуілшілер 30 маусымнан бастап наразылық білдіріп, жалақыларын көтеруді талап еткен болатын. Тіпті, басшылыққа қойылған бірнеше талабы орындалмаса, 10-шілдеден бастап аштық жариялайтынын айтқан еді.
Маңғыстау облыстық кәсіподақтар федерациясының хабарлауынша, бұл талаптар: жалақыны арттыру, сыйақы төлемдерін істейтін қызметіне қарай 15-35 пайыз аралығында арттыру, зиянды жағдайлар үшін ақы төлеуді қамтамасыз ету, қызметкерлерді стандартқа сәйкес жабдықтармен қамтамасыз ету, жыл соңында он үшінші жалақы төлеуді қайта қарау, еңбек демалысы кезіндегі сауықтыру төлемдерін 50 АЕК көлемінде қамтамасыз ету мәселесін қарау, мұнайшылар күні мен Тәуелсіздік күніне 30 АЕК мөлшерінде ақы төлеу болатын.
Сонымен қоса, қызметкерлерді еңбек өтілі бойынша бөлу туралы ереже әзірлеу, бригада шеберлерінің өндіріс басында тұру тәжірибесін тоқтату, бұрғылаушы көмекшісіне қосымша штаттық бірлік енгізу және соңғы екі жылда жұмсалған қаражатты есептеу сынды талаптары орындалмақ.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: