Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты элиталық Esentai City ТК-нде жылжымайтын мүлікті сатып алушыға тиесілі 420 млн теңгені меншіктеп алу ісі бойынша үкім шығарды.

Айыпталушы – белгілі кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров. Ол Esentai City құрылысын жүргізген AV-Construction компаниясында директордың орынбасары қызметін атқарған болатын. Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдың күзінде Алмас Әбдіғаппаров сатып алушы ұсынған қаражаттың белгілі бөлігін өзі иеленіп қалған. 

Қылмыстық іс басталғаннан кейін Әбдіғаппаровтың жұбайы Алматы полициясының басшылығын заңсыз әрекеттері үшін айыптады. ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті оған байланысты тексеру жүргізіп, бұл деректердің растығын жоққа шығарған болатын. 

Алмас Әбдіғаппаров өзгенің аса ірі көлемдегі мүлкін меншіктеп алғаны үшін айыпты деп танылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда 7 жыл өтейді. Сондай-ақ, оған қаржылық ұйымдарда 5 жыл бойы басшылық қызметтер атқаруға тыйым салынады. 


Оқи отырыңыз: Шымкент тұрғыны Facebook желісінде алданып, 17 млн теңгесінен айырылды