Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Оның орнына Еркін Ботақанов ішкі істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды "Ақорда" сайты. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Ботақанов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Руслан Жақсылықовтың қорғаныс министрі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.