"FOURE – бірге болу бір бақыт". Алматы маңында ауқымды халықаралық фестиваль өтеді
11-ші FOURE музыкалық-интеллектуалды фестивалі 27-29 тамызда BAQSY сауықтыру кешенінде өтеді. Үш күнге созылатын фестиваль бағдарламасында жүзден астам мастер-класс, ондаған танымдық бағдарлама, музыкалық концерт, дәріс, рухани практика мен театрландырылған перформанс бар.
Фестивальдің бас директоры Татьяна Пилпанидің сөзінше, FOURE Қазақстанның креативті кластерінің өзегіне айналды. 2018 жылы фестиваль ТМД-дағы үздік OPEN AIR үштігіне кірді. 2019 жылы 10 000 қонақтың басын қосып, елдегі ең сәтті жастар жобасы атанды. Сонымен қатар FOURE би бағыты бойынша екі рет Қазақстанның Гиннекс рекордтар кітабына енді.
Биыл фестивальде бірнеше алаң жұмыс істейді:
- Main & Dance – негізгі музыка және би алаңы;
- Body & Mind & Spirit – бұл рухани және дене практикалары мен өзін дамытуға арналған алаң;
- Performance – театр алаңы;
- Art – шығармашылық алаң;
- Kids – балалар ойнайтын алаң;
- Sunchill – чилаут-музыка алаңы;
- Shaman log – бақсы сайы, этникалық аспаптар дыбысталатын алаң;
- Melody – медитативті музыка алаңы, кешке еркін музыкалық шығармашылық алаңға айналады;
- Night Caravan – "түнгі базар" тұжырымдамасы бойынша қолөнершілер жәрмеңкесі;
- Food cort – тамақтану орындары.
"Фестиваль ұйымдастырушыларының маркетингтік зерттеулеріне сәйкес, егер қонақ барлық алаңды, консультацияларды, шеберлік сабақтары мен трансформациялық ойындарды, медитацияларды байқап көрсе, артистердің концерттеріне билеттерді және басқа да қызметтерді немесе фестивальден тыс іс-шараларды бөлек сатып алса, осыншама қызмет үшін ең төменгі баға кемінде 2,5 миллион теңгені құрар еді", – деді FOURE креатив директоры Гияз Яхъяров.
Фестивальдің үздік жүргізушілерінің бірі OMKARA-ның сүйемелдеуімен ашық ойын өтеді. Қонақтар көрерменге айналып, бірегей инсайттар ала алады. Владимир Скобелев OMKARA атты Лила жүргізушілер мектебінің негізін қалаушы бұл өзін танып білудің ең көне ойыны екенін айтады. "Өмірді айнадай бейнелейтін бұл ойын арқылы біз осы дүниеге келген жолымызды іздеуге жұмсаған жылдарымызды үнемдей аламыз" – дейді ол.
Фестивальдің бас сахнасы әрдайып әлемнің түкпір-түкпірінен этникалық құрамдас топтар жинап келеді. Биыл ұйымдастырушылар қазақстандық музыканттарды қолдауды жөн санаған. FOURE сахнасы халықаралық фестиваль алаңдарына шығатын жас музыканттардың тұсауын кеседі.
Бесінші жыл қатарынан FOURE фестивалінде Performance театр фестивалі жұмыс істейді. Сахнада Неміс театры, "Бункер" арт-бассауғасы, "ТРИ", АртиШок плейбейк-театры, ТеатРон, "АсАбАлАр" театры, "Дом Q" театр шеберханасы, актер Сергей Червяков, сонымен қатар бағдарламаның жаңа тұлғалары – "Куда дальше" иммерсивті театры.
Кез келген адам актерлік шеберлік пен шешендік өнер бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады, сонымен қатар сахналық жекпе-жекте бақ сынай алады. FOURE фестиваліне қатысушылар спектакльдер мен перформанстар дайындайды. Кеш бата мазмұнды бағдарламаның соңына қарай фильмдер мен мультфильмдер көрсетіледі.
Фестивальде көрмелер, ерекше инсталляциялар, табиғи материалдардан жасалған мүсіндер қойылады. Балалар ойнайтын алаңда белгілі аниматор Илья Бабочкиннің командасы жұмыс істейді. Шығармашылық мастер-класстар, квесттер, цирк қойылымдары, алаудың жанында гитарамен ән айтуға болады.
Хедлайнер – Санкт-Петербургтен келетін халықаралық дәрежедегі тренер Александр Меньшиков. Ол эзотерика, психология және рухани практикалар саласында мықты білімі бар маман.
Фестиваль билетін үш күнге 16 мың теңге сатып алуға болады. 1 тамыздан бастап 27 мың теңгеге қымбаттайды. Алматыдан BAQSY кешеніне дейін автобустар қатынайды.