Ералы Тоғжанов: Дәрігерлер жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін артады
Жалпы 1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр.Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бюджет қызметкерлерінің орташа жалақысы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Жалпы алғанда, 1,1 миллионнан астам адамның, оның ішінде 850 мың бюджет қызметкерінің жалақысын өсіру жоспарланып отыр.
"Дәрігерлердің жалақысы келесі жылы өткен жылмен салыстырғанда 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін өседі. Медицина қызметкерлерінікі 173,5 мыңнан 243 мың теңгеге дейін артады", – деді Ералы Тоғжанов.
Білім беру қызметкерлерінің табысы да артты. Мысалы, биыл мектеп мұғалімдерінің жалақысы 292 мыңнан 332 мың теңгеге дейін өсті.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы орташа еңбекақыдан 7,6 пайыз төмен
"Қазпошта" курьерлері де жалақысының 144 мыңнан 237 мың теңгеге дейін көбейгенін күтіп отыр.
Сондай-ақ, Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындарының 2,8 млн қызметкерінің жалақысы орта есеппен 15-30% өседі.