Енді Қазақстан азаматтары шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады
2029 жылға қарай еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жұмысы толықтай цифрландырылады.Енді Қазақстан азаматтары шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады. Мұндай мүмкіндік 2025 жылдан бастап қолданысқа енеді.
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы хабарлады.
Демек, Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей әсер етеді.
Ведомство мәліметінше, 2029 жылға қарай еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жұмысы толықтай цифрландырылады.
Рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы қысқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, халықпен байланысын нығайту — жаңашылдықтың басты мақсаты.