Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын болмаған шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара 6 шілде күні "Қазақ Елі" алаңында, Тәуелсіздік даңғылында, сағат 22:30-да өтеді.

"Түрлі-түсті фигураларды құрайтын дрондар түнгі аспанды ерекше күйге бөлейді. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған. Түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары және т.б. көрсетіледі", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Астананың 25 жылдығы: елордада мереке күндері 100-ден астам іс-шара өтеді


Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылып, оған 500 дрон қатысады. Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілер қаражаты есебінен ұйымдастырылады.