E-sport ұлттық платформасы 2025 жылы іске қосылады
Бұл – спортшылардың, спорт жарыстары мен нысандарының бірыңғай порталы болуы тиіс.Қазақстанда E-sport ұлттық цифрлық платформасы іске қосылатын жаңа дата аталды. Ол – 2025 жыл. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды.
Дене шынықтыру мен спорттың E-sport ұлттық цифрлық платформасын әзірлеу туралы бастама алғаш 2020 жылы көтерілген болатын. Жоспар бойынша, платформа 2020 жыл соңына дейін пилоттық режимде жұмыс істей бастауы тиіс болған, алайда ол жүзеге асқан жоқ.
E-sport ұлттық платформасының міндеті – спорт саласын барынша цифрландыру. Ол спорт қызметтерін түелдей цифрландыруы тиіс болатын.
Жоспар бойынша, жоба үш модульден тұрады және төрт жылда жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші модульде спорт күнтізбесі цифрлық форматқа өтетін болса, екіншісінде спортшылардың төрешілердің электронды форматтағы паспорты әзірленеді. Үшінші модуль спорт нысандарын цифрландыруға негізделген.
Оқи отырыңыз: Өңірлерде спортты дамыту дирекциялары құрылады