Енді көп қабатты пәтер иелері жиналыс өткізіп, бұзылған жабдықтардың шығынын абоненттік төлемге қосу-қоспау жағын өзі шеше алады. Мұнымен қатар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тұрғын үй қорын дамыту басқармасының басшысы Қызғалдақ Медетова домофон төлемдерінен қалай бас тартуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

"Домофон объектінің ортақ мүлкіне жатады. Оны күтіп ұстау тұрғындардың мойнында болады. Сол себепті жиналыс барысында абоненттік төлемдерді төлеу, одан бас тарту немесе бір рет төлеу тұрғындардың жалпы жиналасында қарастырылады. Егер барлық тұрғын жиналып, "Біз ай сайынғы төлемнен бас тартамыз" деп бір реттік абоненттік төлемге келісіп жатса, онда олар мұндай шешім қабылдауға құқылы", – деді Қызғалдақ Медетова.

Сондай-ақ, басқарма басшысы төлем жасамаған отбасылардың домофон қызметін қалай пайдаланатынын түсіндірді.


Оқи отырыңыз: Бір бөтелке үшін – 5 теңге: Қазақстанда пластик қабылдайтын фандоматтар орнатылады


"Бұл жерде екі мәселе бар: орнату және күтіп ұстау. Яғни домофонды орнататын кезде бір реттік келісім жасалады. Бір сома мен қаражатқа келіп тіреледі. Адамдар осы нәрсеге байланысты шешім қабылдайды. Орнатса, сол соманы төлейді. Ары қарай домофонды күтіп ұстауға төлем қабылдаймыз десе, ол күтіп ұстауға жатады. Мәселенің осы екі тұсын шешіп алу қажет. Егер күтіп ұстау қажет десе, онда ақылы күтіп ұстауға шешім қабылдауға құқылары бар. Бірақ одан бас тартса, ол кісілерді ешкім міндеттей алмайды", – деді басқарма басшысы.