Біріккен ұлттар ұйымы Құранның өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады. Бұл туралы ұйым хабарлады. 

"БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Құранды қорлау үшін жасалған қоғамдық әрі қасақана әрекеттерді айыптайды және мұндай дінге қарсы жауыздық үшін кінәлілерді Халықаралық адам құқықтарынан туындайтын мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес жауапқа тарту қажет екенін хабарлайды", — делінген қаулыда.

Бұ қаулыны 28 ел өкілі қолдады. Ал 12 ел қарсы болды, қалған жеті ел бейтарап қалды.