"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады деп болжанып отыр. Өткінші жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.

"Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді деп болжанып жатыр", – делінген хабарламада.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендейді, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С дейін жоғарылайды, қалған аумақта өзгеріс болмайды.