Биржада доллар бағамы 2 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы – 452,14 теңге.Қазақстан қор биржасындағы 7 ақпандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 452,14 теңге болды.
Бір тәулікте доллар бағамы 2,23 теңгеге, бір айда 1,26 теңгеге төмендеді. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында долларды 452-452,5 теңгеден сатып алып, 453,5-454 теңгеден сатуда.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 78,7 долларды құрайды.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Салық жүйесі жасанды интеллектіні қолдану жағынан ең алдыңғы шепте болуға тиіс