Биржада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да құлдырады
Қазақстан қор биржасындағы 14 ақпандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 447,17 теңге болды.
Бір тәулікте доллар бағамы 0,75 теңгеге, бір айда 4,16 теңгеге төмендеді. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында долларды 447,5-448 теңгеден сатып алып, 449,5-450 теңгеден сатуда.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 82,8 долларды құрайды.
Оқи отырыңыз: "Санта-Клаус раллиі": Жаңа жыл алдында қандай акциялардың бағасы өседі?