Биржада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді
Доллар бағамы – 454,59 теңге.Қазақстан қор биржасындағы 6 ақпандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 454,59 теңге болды.
Бір тәулікте доллар бағамы 1,3 теңгеге, бір айда 1,19 теңгеге өсті. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 454-455,5 теңгеден сатып алынып, 456-457 теңгеден сатылуда.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 77,8 долларды құрайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жыл басынан бері қандай өнімдердің бағасы айтарлықтай өсті?