Сенат Берік Асыловты Қазақстан Республикасының бас прокуроры етіп тағайындауға келісімін берді. 

Берік Асыловтың кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Ақорда сайтында тағайындау туралы бұйрық жарияланды. 

2019 жылдың наурызынан бастап Берік Асылов ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Солтүстік Қазақстанның және Алматы қаласының прокуратурасын басқарды. 

Еске салсақ, Саясат Нұрбектің мәжіліс депутаты болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.