"Бақытты отбасы" бағдарламасының нәтижесі baspana.kz маркетінде азаматтардың жеке кабинетіне шықты.

Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлм қабілеттігін бағалау ағымдағы жылдың 7-30 қараша аралығында жүргізіліп, азаматтардың ​ тұрғын үйді таңдау кезеңі биылғы 8 желтоқсаннан басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. ​Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.

2022 жылы Шымкент қаласына "Бақытты отбасы 2-10-20" бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде:

  • көпбалалы отбасыларға – 245;
  • мүгедек бала асыраушы отбасыларға – 187;
  • толық емес отбасыларға – 40 ​ лимит бөлінді.

Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап ​ "Отбасы банк" АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы ​ жүзеге асырылған болатын.

Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі ​ әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.