Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жеті айға жуық тергелген істі қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Зорлық деректері болғандықтан, сот жабық режимде өтеді. Еске салайық, Аяжан Еділова биылғы көктемде із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ал 19 наурызда бойжеткеннің денесінің бір бөлігі күдіктінің пәтерінен, ал қалған бөлігі қоқыс жәшіктерінен табылды.

Марқұмның туыстары Аяжан мен күдіктінің бұрын таныс еместігін әрі сот алдында ең қатаң жаза талап ететіндерін мәлімдеген еді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы жігіт ұсталған. Тергеу кезінде оның медициналық білім алғаны анықталды.


Оқи отырыңыз: Аяжан Еділоваға қатысты істің ақиқаты қандай? Адвокат тергеу барысы туралы сұхбат берді