Атырау облысы ТЖД мәліметінше, алдағы тәулікте облыста дауыл соғады. 

"24 мамырда Атырау облысының оңтүстік, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, шығысында соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді", – делінген хабарламада.     

Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Ауа-райының нашарлауына байланысты, құтқарушылар облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырды.


Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді


"Әсіресе, тасқын қауіпі күшейіп тұрған Махамбет, Индер бағыттарындағы трассамен жолға шығу – өте қауіпті", – деп ескертті құтқарушылар. 

Еске сала кетейік, Атырау облысында табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда, тасқын су қаупіне байланысты, кейбір бағыттар бойынша автомобиль жолдары уақытша жабылды.