Астананың 25 жылдығы: Елордада әлемнің әскери оркестрлері өнер көрсетеді
Қалада 6 шілдеден бастап Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония Қарулы күштерінің музыкалық ұжымдары өнер көрсетеді.Елорданың 25 жылдығына орай Қорғаныс министрлігі қалалық әкімдікпен бірлесіп, "Астана – мәдениет керуені" деген әскери оркестрлердің I халықаралық әскери-музыкалық фестивалін ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"6 шілдеден бастап, үш күн қатарынан, қаланың әртүрлі алаңында Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония Қарулы күштерінің музыкалық ұжымдары өнер көрсетеді. Пәкістан делегациясы баықлаушы ретінде келеді. Қазақстан атынан мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі және Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетілімді оркестрі қатысады", – делінген хабарламада.
- Көрсетілімді Band Marathon бастайды. Ол 6 шілдеде сағат 19.30-да Есіл өзенінің жағасындағы жазғы амфитеатрда өтеді.
- 7 шілде сағат 20.00-де Орталық саябақта Қазақстан Президенттік оркестрі мен Үндістан, Өзбекстан және Жапонияның әскери ұжымдары өнер көрсетеді. "Бәйтерек" монументінде Қазақстан, Ресей және Түркия қорғаныс министрліктерінің оркестрі өз бағдарламасын ұсынады. Ал "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында Әзербайжан, Қытай және Қазақстан Ұлттық ұланының окестрлері өнер көрсетеді.
- Іс-шаралар 8 шілдеде "Барыс Арена" мұз сарайында өтетін гала-концертпен аяқталады. Концерт сағат 12.00-де басталады. Онда көрермендер оркестрлер дефилесі, олардың бірлескен қойылымдары және музыкалық тосынсыйлары бар қызық музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі болады.