Астанадағы Кенесары хан ескерткішінің тұғырын жөндеу үшін әкімдік 281 млн теңгенің тендерін жариялады
Тастұғырдың жөндеу жұмысына 3 ай уақыт беріледі.Астана әкімдігі Кенесары хан ескерткішінің тұғырын, іргетасын күрделі жөндеу жұмысына бюджеттен 281 миллион теңге бөлді.
Есіл бойында орналасқан ат үстіндегі Кенесары хан ескерткішінің тұғырының биіктігі бар болғаны 5 метр. Осы тұғырды күрделі жөндеуден өткізу үшін Астана қаласы әкімдігіне қарасты Музейлер дирекциясы 281 856 729 теңгенің лотын жариялады.
Конкурстың жеңімпазы рейтингтік-балдық жүйемен анақталады. Тастұғырды жаңадан салуға емес, қалпына келтіріп, өңін кіргізуді міндетіне алған тұлғаға 3 ай уақыт беріледі.