2023 жылғы 18-19 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мақсаттағы «А» қызметімен Астана қаласының өндірістік аймағында «Күз-2023» тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ресми сайтында жазды.

"Кепілге алынған кісілерді босату мен террористерді жою бойынша кешенді жаттығу әрекеттерін орындау жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шымкентте "Жер – 2023" жалпықалалық сейсмикалық жаттығуы өтті.


Сондай-ақ, оқу-жаттығу шеңберінде өзге аумақтардын терроризмге қарсы операциясының шартты ауданына ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жөнелту бойынша шаралар қарастырылған.