Қазіргі уақытта Астана қаласының тұрғындары үшін көмір сататын 11 тұйық көше және 14 орын бар. Ондағы көмір қоры 13 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында жазылды.

Көмір сататын орындар келесі мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, Көктал, 28/1, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев, 76, А.Жұбанов, 35, М.Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3), 70-Жол, 9А, Герцен, 6б, Қарағанды тас жолы ("Магнум" супермаркетінің артында).

Елорда әкімдігімен жасалған меморандумдар бойынша көмірдің орташа бағасы:

Шұбаркөл – тоннасына 15 100 тг;
Қаражыра – тоннасына 15 500 тг;
Майкуба – тоннасына 13 300 тг.

Қалада "109" нөмірі бойынша жедел желі жұмысын бастады, онда көмірдің болуы, сату орындарындағы бағалар туралы қажетті ақпарат беріледі.


Оқи отырыңыз. 10 тамызда Алматының бірнеше ауданында ыстық су болмайды.