Астанада бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады. Компанияның мәліметінше, кейбір бағыттағы қозғалыс схемасы өзгерді.

"Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін N24, N24Н маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. N5А, 6, 16, 37, 72 бағыттарының қозғалыс схемаларына өзгеріс енді", – делінген хабарламада.

Компания қала тұрғындарынан жүретін бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.