ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18.00-де "OPEN AIR" мерекелік концерті өтеді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22.15-те (22:30) "ASPAN" дрон-шоуы жоспарланып отыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы және қауіпсіз болу үшін Ұлы дала даңғылы – Түркістан – Т.Рысқұлов – Ақмешіт көшелерінде қозғалыс шектеледі. Елордалықтар шектеулерді ескере отырып, маршрутты алдын ала жоспарлауы қажет.

"Кептеліс тудырмас үшін жеке көліктен бас тартқан жөн. Ыңғайлы болу үшін елорда әкімдігі екі тегін автотұрақ дайындайды. Жүргізушілер бұл орындарға жеке көлігін қалдырып, концерт өтетін жерге жеткізетін арнайы автобустарға ("Shuttle Bus") отыруына болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін бұл автобустар адамдарды қайта жеткізіп тастайды", – делінген хабарламада.

Жеке көлікті қалдырып, автобусқа мінуге болатын орындар:

  • Бас мешіт тұрағы (Мәңгілік Ел көшесі, 65);
  • "Барыс Арена" тұрағы (Тұран даңғылы, 57).

Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1 250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон.

Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады. Шоу демеушілердіңқаражатынанұйымдастырылады.