Астана базарында жалған ветеринарлық мөр басылған ет сатылғаны анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Астана қаласының полиция қызметкерлері базарлардың бірінде етті кедергісіз өткізу мақсатында жалған мөрді пайдалану фактісінің жолын кесті.

Ұсталған базар сатушысынан тінту кезінде ветеринариялық бақылаудан өткені туралы ауыл шаруашылығы жануарларының ұшаларына мөр басуға арналған "алдын ала тексеру" жалған мөрі тәркіленді.

Ұсталған адамның АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясына ешқандай қатысы жоқ және зертханалық зерттеулер жүргізілмегені анықталды.​ Мөрді бір айдан астам уақыт бойы қолдана отырып, ол Астана базарында ет сатуға рұқсат беру үшін әкелінген ет өнімдерін "тексерген".​

Қазіргі уақытта Астана қаласы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына хабарламалар жіберілді, оған ет өнімдерін сату бойынша нарық қызметін тексеру бойынша тиісті шаралар қабылдануда.​

Ұсталған тұлғаға және базар әкімшілігіне мал ұрлығына және ұрланған етті сатуға қатысы бар болуы мүмкіндігін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.