"Ақтөбе" араға 16 жыл салып Қазақстан кубогын жеңіп алды
Ақтөбелік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті."Атырау" мен "Ақтөбе" футбол командаларының кездесуі барысында алдыңғысы бірінші есеп ашты. Голда 24-минутта Николай Сигневич салды.
Бұдан кейін бірінші кезеңде есеп өзгермеді. Екінші кезеңде ақтөбелік команда тізгінді қолға алуға тырысса да, 88-минутқа дейін есепке өзгеріс енгізе алмады.
Бас төреші Данияр Сахи атыраулық команда тарапынан тәртіп бұзылуына байланысты олардың қақпасына пенальти тағайындады. Оны Әлібек Қасым мүлт жіберген жоқ. Арада бір минуттай өткенде Фредди Гондола командасынан екінші болып гол соқты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғашқы 100 кәсіби футбол менеджері білім алды
Ақтөбелік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында 16 жылдан кейін кубокты төбесіне көтерді.