9 қазан күні сағат 17.40-та Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сурған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚТЖ.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Апат салдарын жою мақсатында қалпына келтіру пойыздары дереу оқиға орнына жіберілді.

Қазіргі уақытта арнайы комиссия оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жүргізіліп жатыр.