Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қалада кәсіпкерлікті дамытуға қатысты байқау жарияланғанын хабарлады. Оған өтінім мен құжаттарды 14-18 қазан аралығында өткізуге болады. 

Байқауға құжаттар өтінімдер "Электрондық үкімет" веб порталында орналасқан, "Kezekte.kz" ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. 

"5 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпорындарға беріледі. Конкурстың жалпы бюджеті – 500 млн теңге", – делінген Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарламасында. 

Басқарма өкілдері 18 қазаннан кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға алынбайтынын ескертті.

Байқаудың мақсаты – әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау және қалада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.


Оқи отырыңыз: Алматыда жылу 7 қазаннан бастап беріледі