Алматыдағы лай көшкінінің себебі белгілі болды, деп мәлімдеді "Қазселденқорғау" баспасөз қызметі. 

"8 ақпан түнгі сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған суық су құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданған. Кейін Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Олимпийская көшесінде орналасқан "Тау-Самалы" ықшамауданындағы №3А және №3 жеке тұрғын үйлерді лай көшкіні басып қалды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған. Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.


Оқи отырыңыз: Алматыда лай көшкінінен бүтін бір отбасы қаза тапты: төтенше жағдай болған жердің видеосы


Қайтыс болғандар – ерлі-зайыпты мен олардың егіз баласы. Бірінші болып егіздің сыңарының денесі табылды. Кейін 4 бірдей адамның денесі табылғаны хабарланды.