11-12 қарашада Алматыда IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтеді, деп хабарлады Түркітілдес журналистер қоры

Медиа форумда туризм саласындағы ортақ жобалар, дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиаға ықпалы, геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі медиа нарыққа әсері, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жолдары талқыланады. 

Форумның бірінші күні келесі тақырыптарда жалпы сессияларды өткізу жоспарланған:

  • Түркі елдеріндегі геосаяси ахуал және медиа нарық;
  • Түркі елдеріндегі туризм және PR;
  • Ақпаратты тұтынудың болашағы: жасанды интеллект, жаңа форматтар;
  • Аймақтық БАҚ және бәсекелестік.

Сондай-ақ, шара аясында 7-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Туған жерім – тұғырым" тақырыбындағы жас журналистер байқауының және "Әлеумет – қоғам айнасы" мен "Еркін сөз" байқауларының жеңімпаздары марапатталады. 

Медиа форумның екінші күні БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғаш рет медиа және туризм форумы өтті


Медиа форумға Қазақстан, Еуропа елдері, Түркия, Орталық Азияның БАҚ басшылары, журналистер, ақпарат және туризм саласына қатысты мемлекеттік органдар, депутаттар, PR менеджерлер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері, туризм саласының мамандары, ЖОО журналистика факультеттерінің декандары мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.