Алматыда Қазақстандағы қысқы экстримнің басты фестивалі өтті
Фестивальде спорттан бөлек музыкалық бағдарлама да болды.Екі күн бойы Шымбұлақ тау курорты қысқы экстремалды спорт сүйер қауым жиналатын орынға айналды. 6-7 сәуір күндері жеті елден келген 300-ден астам спортшы биыл жетінші рет өткізіліп отырған спорттық-музыкалық фестивальге қатысты.
Қазақстан, Ресей, Польша, Австрия, Финляндия, Франция және Сербиядан келген сноубордшылар мен шаңғышылар Big Air, Jibbing, The Battle және Jungle cross жарыстарында бақ сынасты. Шараның негізгі жарысы, өткен жылдан бері бағдарламаға қосылып, бәріне ұнаған The Battle форматы фестивальдің екінші күні өтіп, тікелей эфирде көрсетілді.
"Биыл фестиваль өзін-өзі тағы да асып түсті, бұл тарихи оқиға – Қазақстанда мұндай әлі болған емес. Еуропаның ең мықты спортшыларын жинай алдық. Біз әлемде теңдесі жоқ бірегей жарыс форматын ойлап таптық және біздің барлық қатысушыларымыз осы іс-шараны лайықты бағалады. Ауа-райына қарамастан, біз үлкен жетістікке жеттік", – дейді фестивальдің спорт директоры Кирилл Однолетков.
The Battle жарысының сноуборд санатында Финляндиядан келген шабандоз Валтери Каутонен жеңімпаз атанды. Екінші орын ресейлік Илья Баскаковқа бұйырды. Тағы бір Ресей азаматы Костя Мостовой үштікке ілінді. Осы жарыстың шаңғы санатында Макс Сенкевич (Ресей), Винсент Мараво (Франция) және Щепан Карпиель-Булечка (Польша) жүлделі орындарға ие болды.
Фестивальде спорттан бөлек музыкалық бағдарлама да болды. Шара қонақтарына басты сахнада жас әртістер - "Tek sen" және "Qolshatyr" хиттерімен танымал Rusha, сондай-ақ, кезінде шаңғы фристайлынан Қазақстан чемпионы атанған, қазір рэпер болған Alon өнер көрсетті. Кештің басты жұлдыздары, арнайы шақырылған хедлайнерлер – LOVANDA мен КАССЕТА шоудың соңында шығып, жанкүйерлеріне жарқын эмоциялар сыйлады.
"Бұл шын мәнінде керемет. Басында ауа-райы нашар деп болжанды, бірақ күн шыққан соң, біз жарыстарды өткіздік. Музыкалық кештерде жоғарғы деңгейде өтті – еден сына жаздады. Содан кейін жаңбыр, найзағай, келесі күні таңертеңнен қар мен тұман болды. Бірақ трансляция басталған бойда – күн шықты. Мен бұл құбылысты толығымен жеткізе алмаймын, бірақ бұл бір керемет дүние болды", – деп атап өтті фестиваль продюсері Александр Кучура.
Әрі қарай қалған жарыстар бойынша жеңімпаздар тізімін жариялаймыз:
- Jungle cross, шаңғы санаты, әйелдер: 1 орын – Мария Шкабарова, 2 орын – Ксения Кулешова, 3 орын – Ксения Родионова. Ерлер: 1 орын – Сергей Данов, 2 орын – Денис Филимонов, 3 орын – Максим Романов.
- Jungle cross, сноуборд санаты, әйелдер: 1 орын – Адель Шарипова, 2 орын – Анастасия Клюева, 3 орын – Екатерина Пикалова. Ерлер: 1 орын – Олег Панин, 2 орын – Олжас Мыңбаев, 3 орын – Александр Беляков.
- Jibbing, Jibbing Best Trick – Азамат Валеев, Jibbing Best Trick (шаңғы) – Адам Герман, Jibbing Best Trick (қыздар) – Адель Шарипова.
- Big Air, Respect Snowboard – Александр Задорожный, Respect Freeski – Эдем Зейтулаев, Respect Snowboard Big Air (қыздар) – Адель Шарипова, Respect Freeski Big Air (қыздар) – Олеся Ломакина. Big Air Snowboard: 1 орын – Динар Юмаков, 2 орын – Глеб Синяков, 3 орын – Антон Гуркин. Big Air Freeski: 1 орын – Михаил Мойзых, 2 орын – Адам Герман, 3 орын – Сергей Ярлов.