Алматы облысында жайылып жүрген малды сойып әкететін топ құрықталды
Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.Алматы облысында полицейлер мал ұрлаушылар тобын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Учаске" ЖПІШ өткізу барысында Алматы облысының полицейлері мал ұрлаушылар тобын ұстады.
"Криминалдық полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында екі күдіктіні ұстау бойынша жұмыстар жүргізді. Қазір олардың үш мал ұрлығына қатысы анықталды", – деп атап өтті облыстық криминалдық полиция басқармасы.
Барымташылар барлық мал ұрлықтарын бір схемамен жасаған, олар мал қараусыз жайылатын жерлерді таңдайтын. Содан кейін малды сол жерде сойып, етін көліктің жүксалғышына тиеп алып кететін. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: Қарақұртқа байланысты төтенше жағдай: Павлодар облысында 150 гектар жер залалсыздандырылды
Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.