Мәдениет саласында өткен жылы 2 мәдениет үйі салынды және қайта жаңартылды, деп мәлімдеді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев. 

"Биыл Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы мәдениет үйі және 10 кітапхана ашылды. Сондай-ақ Райымбек ауданында мұрағат ғимаратының құрылысы аяқталды. Аудандарда қосымша 8 мәдениет үйі қолдануға беріледі", – деді Марат Сұлтанғазиев.

Мұнымен қатар, облыс әкімі спорт саласында өткен жылы 3 спорт ұйымы ашылғанын, биыл 8 спорт кешені салынып жатқанын атап өтті.