Алматы кәсіпкерлері құжат рәсімдеуде жеңілдіктерге ие болды
Енді құжат тапсыруға ары кетсе үш күнннен жеті күнге дейін уақыт қажет болады.Мемлекеттік қайта тіркеу барысында кездесетін әкімшілік кедергілер жойылды, деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бұрын кәсіпкер құжаттағы болмашы қате үшін үш күн немесе одан да көп уақыт жұмсайтын болса, енді Алматы және Алматы облысының кәсіпкерлері құжатты қайта жинап, тапсырып әуре болмайды. Алматы қалалық прокуратурасы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және "Азаматтарға арналған үкімет" құжат тапсыру мерзімін қысқартты, енді ары кетсе үш күнннен жеті күнге дейін уақыт қажет болады.
"Жыл сайын аталмыш мемлекеттік көмекті алу үшін мыңдаған кәсіпкер азаматтарға арналған үкіметке жүгінетін еді. Заңды тұлғаларды қайта тіркеу барысында кәсіпкерлер қандай мәселелерге тап болатынын прокурорлар анықтады. Егер кәсіпкерлік құжатында қате табылса, онда қайта тіркеуге рұқсат берілмейтін еді" делінген Алматы қаласының прокуратурасы таратқан баспасөз хабарламасында.
Прокуратура бұл мәселені жан-жақты қарастырып, бизнесті қайта тіркеуден бас тартпай, құжаттарды толықтыруға жіберу керек деп шешті.
Жаңа Қазақстанның экономикасының негізгі тірегі орта тап өкілдері. Елдегі кіші және орта бизнес жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, кәсіпкердің туыстары мен жақындарына дамуға мүмкіндік береді.