1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", – деді министрліктегілер. 


Оқи отырыңыз: "Жол тап" жобасы: Жұмыссыз астаналықтар қалай 8 кәсіп пен 7 түрлі дағдыны игере алады