Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: Қазақстаннның батыстан өзге өңірлерінде күн суытады
Батыс өңірлерде 32-40 градусқа дейін ыстық болады.Синоптик мамандар 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
"Салқын Атлант ауасымен келген антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды. Осының салдарынан елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірінде ауа температурасы төмендейді. Оңтүстікте күндіз ауа температурасы – 22-30, оңтүстік шығыста – 17, 25, шығыста 15-25 градусқа дейін төмендейді. Ал солтүстікте керісінше күн 23-28 градусқа дейін ыстық болады", – делінген хабарламада.
Қазақстанның батысында Иран аудандарынан келетін жылы әрі құрғақ ауа массаларының арқасында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы шамамен 32-40 градус арасында болады.
Еске салсақ, Локдаун енгізілгелі әлемнің 100 мемлекетінде ауа сапасының 84% жақсарғаны белгілі болды. Павлодар мен Қарағанды облыстарының ең көп ластанатыны белгілі болды.