Ғалым, философия ғылым докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбаев 86 жасында қайтыс болды. Ақпаратты "Ғылым ордасы" РМК растады.

Академик ғалым Әбдімәлік Нысанбаев

Әбдімәлік Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген.

Әбдімәлік Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеуметтік және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды.

Ол ғылыми мектеп қалып Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстанның (1984) және Түркияның (1999) Мемлекеттік сыйлықтарын, ҚР президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын алған (1998), "Отан", "Парасат" (2004) ордендері (1998) мен бірнеше медальдармен марапатталған.

2005 жылы "Философ Нысанбаев" атты деректі фильм жарық көрді.