Ашық НҚА сайтында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Павлодар облысындағы 12 мектепке қазақтың тарихи тұлғаларының есімін беру көзделіп отыр.

Олардың толық тізімі төменде жарияланған:

  • Павлодар қаласының №20 лицей-мектебіне Әлихан Бөкейханның есімі;
  • Павлодар қаласының №1 жалпы орта білім беру мектебіне Малайсары батырдың есімі;
  • Павлодар қаласының №23 жалпы орта білім беру мектебіне Рафика Нұртазинаның есімі;
  • Павлодар қаласының №16 лицей-мектебіне Аманжол Шәмкеновтің есімі;
  • Павлодар қаласының №9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебіне Шапық Шөкиннің есімі;
  • Павлодар қаласының №28 жалпы орта білім беру мектебіне Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі;
  • Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебіне Мәшһүр Жүсіптің есімі;
  • Павлодар қаласының №34 инновациялық үлгідегі жалпы орта орта білім беру мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;
  • Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;
  • Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебіне Ыбырай Алтынсаринның есімі;
  • Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебіне Абайдың есімі;
  • Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясына Қаныш Сәтбаевтің есімі беріледі.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мектептегі оқу жылы екі аптаға ұзарады