31 тамыз күні Қазақстанда рубль мен доллар қанша тұрады?
Жаздың соңғы күні теңге доллар мен рубльге қатысты нығайды.Ұлттық банк 1 қыркүйекке Қазақстандағы шетел валюталарының ресми бағамын белгіледі.
Доллар бағамы 1,75 теңгеге төмендеп, 459,69 теңгені құрады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 457,5 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеге сатылуда.
Оқи отырыңыз: 1 тамыздағы доллар бағамы – 445,04 теңге.
Рубльдің ресми бағамы 0,06 теңгеге арзандап, 4,77 теңге болды. Ақша айырбастау орындарында рубль 4,69 – 4,71 теңгеден сатып алынып, 4,89 теңгеге сатылуда.