Алматы облысының Талғар ауданындағы Дәулет ауылында әлі күнге дейін газ жоқ. Халық биліктен көмек сұрап, еш нәтиже болмаған соң өздерінің қиындығы туралы мини-фильм түсірген. 

Тұрғындар ауылына ешкімнің көңіл бөлмейтінін айтады. Олар шенеуніктерден әрбір қазақстандық құқылы қарапайым қажеттіліктермен қамтамасыз етуді сұрап отыр. 

"Біз 20 жылдан бері осы проблеманы шеше алмай келеміз. Ауылға газ тарта алмай жүрміз. 2018 жылы уәде еткен еді, әлі күтіп жүрміз. Ауылда 5 000 адам тұрады. 30 жылдан бері газ, мектеп, балабақша, жол, интернет не жарық жоқ. Біз ешкімге керек емеспіз. Қанша шыдаймыз? Биліктің ар-ұяты ояна ма?" – деді ауыл тұрғыны Тамара Егізбекқызы. 

Informburo.kz журналисі Алматы облысы әкімдігіне сауал хат жіберді.