Бүгін жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды. Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.

"Осы жылдың тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: "225 миллион теңге иемденді". "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды


Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.